Биыл денсаулық сақтау саласына 3,3 триллион теңге жұмсалған. Десе де, «Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар арасында міндеттердің дұрыс бөлінбеуі бұрмаланған ақпараттың көбеюіне әкеп соқтырды» - деді Президент Жолдауында. Бұл әрі қарай белең алмас үшін Бірыңғай медициналық ақпараттық жүйенің құрылуы маңызды рөл атқармақ. Алдағы уақытта науқастар бірнеше ай бойы кезек күтіп, сенделмес үшін арнайы бағдарлама енгізіледі. «Бұл жоба халық пен медицина қызметкерлері үшін тиімді» - дейді ақ халаттылар.
ЛАУРА МАЛДЫБАЕВА, №5 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
Ақпараттарды бір жүйеге жоспарлы түрде бір жүйеге енгізіліп жатыр, оны цифровизацияландыру деп аталады. Сондықтан цифровизация болғандықтан бүкіл ақпарат бір орталық жүйеге түседі. Біздің науқастар ертең кезекті көп күтпеу үшін сол цифрландыру жүйесі бір жүйеге енгізіледі да, ертең емханаға келу оларға оңай болады.
Президент жолдауындағы тың жаңалықтар, ұтымды ұсыныстар еліміздің өркендеуіне, дамуына арқау болатын тұғырлы тұжырымға негізделген. Тоғыз бағыттың да толғауы терең, мәні зор. Ұлт саулығынан бөлек халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғырту, Заң мен тәртіп идеологиясын орнықтыру, әскердегі әлімжеттіктің тамырына балта шабу, есірткі саудасына қарсы күресті күшейту сияқты көптеген өзекті мәселе айтылды. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру тек үкімет пен мемлекеттік мекемелерге жүктелмейді. Тапсырманы орындауға күллі қоғам болып атсалысуымыз керек, дейді қостанайлық ерікті Айбек Таңатбаев.
Айбек ТАҢАТБАЕВ,ЕРІКТІ:
Сөзден іске көшетін уақыт келді. Бұл тұрғыда жаңағы шенді-шекпенділерге қатаң түрде тапсырам берілді.Яғни өңір-өңірге барып тиісті жұмыстар жасау туралы.Сондай-ақ халық пен билік арасында диалогтың болмауы.Осының барлығын түгел сөз жүзінде емес, іске әрекет ететін уақыт келді деп ойлаймын.Осы бағыт бойынша алдағы уақытта өңірлерде өз жұмыстарымызды, халықпен кездесу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз.