Русский Сайттың толық нұсқасы

Полиция бүкіл ел бойынша күшейтілген режимге көшті

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 165

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының өткізілуіне орай Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бүкіл ел бойынша қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына көшті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Халықаралық іс-шараның Астанада өтетінін ескере отырып, елордаға ерекше назар аударылды. 3 қыркүйек күні мұнда қызметке кірісетін кешенді күштердің жалпы гарнизондық жиыны болды", - деп хабарлады ведомство.

ІІМ басшылығы жеке құрамның қойылған міндеттерді орындауға дайындығын тексерді.

"Қызметкерлер құқықбұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауға, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимыл жасау кезінде сыпайылық танытуға бағдарланған. ІІМ елорда тұрғындары мен қонақтарын заңды сақтауға, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады", - делінген хабарламада.