Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада жол учаскесі уақытша жабылады

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 104

Астанада Керей-Жәнібек хандар көшесі учаскесінде Әлихан Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол жөндеу  жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлайды. 

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ мәліметіне сүйенсек, Керей-Жәнібек хандар көшесі бойынша Әлихан Бөкейхан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде жол төсемінің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты 4 қыркүйек сағат 20:00-ден 5 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылмақ.

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды ұсынып, уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.