Қырғызстанда ЕАЭО елдерінің азаматтары 90 күннен кейін уақытша тұруға рұқсат алуға міндеттелмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қырғызстан аймағында жеке мақсатта 90 күн болған ЕАЭО елдерінің азаматтары уақытша тұруға рұқсат алуы керек. Бұл туралы Қырғыз Республикасының Цифрлық даму министрлігі мәлімдеді.
Ал Әзірбайжан, Грузия, Молдова және Тәжікстан азаматтары 60 күннен кейін тұруға рұқсат алуы шарт.
"Кез келген адам киіп шекарадан өте алады": Желіде қазақстандық кәсіпкер Кеден қызметкерлерінің формасын қырғызстандық цех тігетініне наразы болды
Бұған дейін ЕАЭО елдерінің (Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей) азаматтары Қырғызстанда алты ай бола алатын.
Енді тіркелмеген азаматтар 60 немесе 90 күннен кейін кетуге мәжбүр болады.
Олар сәйкесінше 60 немесе 90 күнтізбелік күннен кейін ғана қайта кіре алады.