Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді мейрамханалардың шайпұл үшін 10% үстемеақы алуына тыйым салынуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 346

Қазақстанда мейрамханалардағы қызмет көрсетуге алатын пайыздарды алып тастау қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Сенат кулуарында хабарлады.

"Қызмет көрсету шарты жазылған құжат бар. Ал менің жеке ұстанымым - қазіргі таңда сол ережені өзгертуді жоспарлап отырмыз. Біз егер сізге қызмет көрсетіліп жатса, ешқандай қосымша ақы алынбауы керек деп есептейміз. Әрине барлық кәсіп иесі мұндай өзгерісті қолдауға дайын деп айта алмаймыз. Бірақ осындай өзгерістер болуы мүмкін. Ол шайпұл, депозиттерге қатысты", - дейді министр кулуарда.

Министр мейрамханалардың алдын ала депозит сұрауы заңды екенін айтады.

Айта кетейік, әлем елдеріндегі шайпұл беру мәдениеті әртүрлі. Әдетте шетелде шайпұл даяшының өзіне берілсе, Қазақстанда "қызмет көрсету 10 пайыз" деп белгіленеді.