Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық жастар «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында пікір алмасты

Қызылордалық көшбасшы жастар алда өтетін рефендумға белсенді атсалысуға дайын. «BIR TOLQYNDA» диалог алаңында бас қосқан белсенділер осылай деді. «Жастар рухы» жастар қанатының ұйымдастыруымен өткен шарада Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселелер талқыланды. АЭС салу төңірегінде ой бөлісті. Сала мамандары Президент айтқан ауқымды бастамаларды ортаға салды. 

НҰРБОЛ СЕРІКБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Бүгінгі жиында АЭС салыну дұрыс па, бұрыс па , жалпы жастардың ойын біліп. Одан бөлек нақты, арнайы заңдардың қабылдануы, жалпы Жолдау төңірегінде ақпарат алмасып жатыр. Кәсіпкерлік бағыты бойынша, ІТ саласы бойынша осы Жолдауда айтылған бағыттар бойынша сала мамандары жастардың сұрақтарына жауап беріп жатыр.