Русский Сайттың толық нұсқасы

Биыл Жетісу облысына 188 миллиард теңге инвестиция тартылды

Биыл Жетісу облысына 188 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы өңір әкімі Бейбіт Исабаев Президент қабылдауында айтты. Ол Мемлекет басшысына облыстың 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріп, алдағы жоспарын таныстырды. Айтуынша, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,4 пайызды құраған. Қазір бірқатар перспективті инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олардың қатарында Кербұлақ ауданындағы металлургия комбинаты, «Қазақстан-Қытай халықаралық өнеркәсіп қаласы» индустриалды паркі бар. 

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу нүктелері болып табылатын ауыл шаруашылығы, транзиттік-транспорттық мүмкіндіктер, инфраструктуралық құрылымдар, туризмді дамыту мәселесі, содан кейін ең негізгі мақсат – бұл халықтың тұрмыстық жағдайын лайықты өмір сүруіне барынша жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.