Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығы артуда

Елордада еуразиялық экономикалық форум аясында Қазақстан мен Қытай кәсіпкерлерінің іскерлік кездесуі өтті. Басқосуда кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық пен сауданы дамыту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өнеркәсіптердің ісін алға жылжыту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық форумның Хатшылығы Қазақстанның халықаралық интеграциялық қорымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл екі жақты уағдаластықтың еліміздегі, өндіріс саласының алға жылжуына сеп болмақ дейді сала мамандары. 

ВЛАДИМИР ФИЛАТОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ИНТЕГРАЦИЯ" ҚОРЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Өткен жылы Мемлекет басшылары тауар айналымын 40 миллиард долларға жеткізу міндетін қойды. Өткен жылы тауар айналымы 41 млрд болса, биыл да өсім айтарлықтай. Биылғы жылы бізде 53 миллиард доллардан астам болжам бар. Қазір біз Қытайға көбірек экспорттай бастадық. Біз де сол деңгейде сатып аламыз, бірақ осы уақыт ішінде экспорт өсті – көрсеткіштер 20%-дан астамға өсті. Және бұл өте жақсы.