Русский Сайттың толық нұсқасы

Малайзияда қазақстандық суға батып кетті деген хабар тарады: СІМ түсінік берді

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 239

"Малайзияда Қазақстан азаматы суға батып кетті" деген хабар тарады. Бұған қатысты Сыртқы істер министрлігі түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде Малайзиядағы Кота-Кинабалу жағажайларының бірінде "суға батып кеткен қазақстандық туристі іздеп жатыр" деген ақпарат тарап жатыр.

Малайзиялық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оқиға 5 қыркүйек күні таңертең курорт маңындағы жағажайда болған.

Ақпаратқа сәйкес, таңғы сағат 08:19-да дабыл түскен соң жеті құтқарушы қазақстандықты іздеуге кіріскен.

"Ересек ер адам суға түсіп, өзін нашар сезінді ме, әлде бұл оқиғаға тағы бір нәрсе әсер етті ме, белгісіз", - делінген хабарламада.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ер адамның өлімі туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстандық аман-есен, оның жағдайы жақсы", - деді ол.