Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 233

Қазақстан мен Норвегия арасындағы Ұлттар лигасы матчы қарсаңында Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды KAZINFORM.

Полицейлер орталық стадион мен оған шектес аумақта тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

«Бірінші кезекте қаламыздың тұрғындарымен қонақтарына кептелістерді болдырмау мақсатында Абай даңғылы, Байтұрсынов, Сәтбаев, Байзақов, Құрманғазы көшелерінде жол қозғалысы жартылай шектелетінін хабарлаймыз. Осыған орай, азаматтарды алдын ала бағдарын реттеп, көліктерін тек арнайы белгіленген орындарға қойып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, қоғамдық көлікті пайдалануға шақырамыз. Сонымен қатар футбол матчына билеттерді алаяқтардан сақтану мақсатында тек ресми сауда орындарынан сатып алу керектігін еске саламыз», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Осыған дейін әлемдік футбол жұлдыздары Холанд пен Эдегор Алматыдағы стадионда жаттығу өткізгені туралы жазған едік.