Русский Сайттың толық нұсқасы

58 жастағы қазақстандық спортшы Паралимпиада финалына шықты

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2024
  • 175

Суда жүзуден Токио Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Париждегі жарыстың финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz.

58 жастағы спортшы 42.85 уақыт көрсеткішімен S4 классында еркін стильде жүзуден финалға өтті.

Финал бүгін Астана уақыты бойынша 23:03-те өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін пара дзюдодан Ерғали Шәмей J1 санаты бойынша, S5 санатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Сиязбек Дәлиев финалға шыққан болатын.