Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық дәрігерлер «Таза Қазақстан» акциясына өз үлестерін қосты

«Денсаулық айналаның тазалығынан басталады». Осы ұстаныммен қызылордалық дәрігерлер «AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясына өз үлестерін қосты. Тазалық шарасы Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын қолдау мақсатында ұйымдастырылған. «Мейірім» бастауыш партия ұйымының мүшелері қаладағы «Теміржолшылар» саябағын қоқыстан тазалады. Көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.Оған 80-ге жуық адам қатысып, ауызбіршілік танытты. 

НҰРЛАН ӘМІР, «МЕЙІРІМ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өзіміз денсаулық сақтау саласында жұмыс атқарғаннан кейін өзіміз таза ауаның денсаулыққа өте пайдалы екенін білеміз. Сондықтан өте жақсы бастама деп ойлаймын. Өзімізге бөлінген аумағымыз бар. Сол мекемені айнала көрші тұрғындар бар. Соларға да тазалық жөнінде түсіндірме жұмыстарын айтып жатырмыз.