Русский Сайттың толық нұсқасы

Әзербайжан азаматы астаналық әйелді алдап соғып, 5 миллион теңгесін қағып кеткен

  • AstanaTV
  • 06 қыркүйек 2024
  • 339

Астанада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзербайжанның 29 жастағы азаматы Бакуде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ол 2022 жылғы ақпан айында астаналық әйелді алдап, 5 250 000 теңге көлемінде ақшаны заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды.

Ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін асыра пайдаланып, ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттарды қаскөйлердің әрекеттерінен қорғау сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген.

Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабы – ірі көлемде жасалған алаяқтық айыбы тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі қайта тапсыру мәселесі шешіліп жатыр.