Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жазасын өтеп жатқандар бірге алаңдады": Абай облысында сотталған әйел қатерлі ісік ауруын калонияда жүріп жеңіп шықты

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2024
  • 414

Абай облысында ұрлық жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған әйел, қатерлі ісік ауруын калонияда жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Павлодардың 45 жастағы тұрғыны ұрлық жасағаны үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Алайда ол есепте тұрған кезде пробациялық бақылаудан қашқаны үшін жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

"2023 жылдың шілдесінде ол жазасын өтеу үшін Абай облысының әйелдер колониясына келді. Медициналық қызметкерлердің жоспарлы тексеруі кезінде сотталған адамда сүт безі қатерлі ісігі болжанды. Диагнозды растау үшін оған толық тексеру жүргізілді. Диагноз расталды және сол жылдың қазан айында әйелге Семей онкологиялық ауруханасында ота жасалды", – деді ҚР ІІМ ҚАЖК.

Операциядан кейінгі емдеу кезінде тұтқын химиотерапия мен сәулелік терапия алды. Әр түрлі Денсаулық сақтау ұйымдарында бірнеше тексерулер жүргізілді. Колония психологтары да әйелмен жұмыс істеген.

"Ол үшін біз де, онымен бірге жазасын өтеп жатқандар да алаңдадық. Қазір бәрі артта қалды. Ол сау адам болып босатандыққа шықты. Енді ешқашан заңды бұзбайды деп үміттенеміз", - деді түзеу мекемесі.

Әйел мекеме әкімшілігіне қамқорлығы мен көмегі үшін өте риза екенін жеткізді. Қазір өзін жақсы сезінетінін айтады.

"Бұл ауруды жеңдім, әрі қарай бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Үйде 12 және 10 жастағы екі ұлым күтіп отыр. Енді қиындықтарды жеңе отырып, бізде мүлдем басқа өмір болатынына сенімдімін. Түсінгенім ең бастысы-өмір сүруге деген ұмтылыс", - деп бөлісті сотталушы.