Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында көшеде қоқыс таситын көлік өртеніп, жарылыс болды

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2024
  • 199

Маңғыстау облысында көшедегі жолда қоқыс таситын көлік өртеніп, жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жарылыс күшті болғаны сонша, жақын маңдағы ғимарат әйнектер ұшып кеткен.

Маңғыстау облысының ТЖ департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

“7 қыркүйекте сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының жанындағы жол бөлігінде қоқыс таситын көлік өртенді. 

Көлікте газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны әйнектерді қағып, 20 метр жерде орналасқан азық-түлік дүкенінің баннерін зақымдады”,- делінген хабарламада.