Русский Сайттың толық нұсқасы

«Атамекен» ҰКП салық кодексінің жаңа моделін дайындауда

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2017
  • 2158

Мемлекеттік сатып алуларға қатысты құжаттамаларды дайындау тұрғысында қиындықтар аз емес. Осыны ескерген «Атамекен» ҰКП салық кодексінің жаңа моделін даярлауда. Бұл жөнінде Ақтөбе облысындағы бизнес өкілдерімен кездескен палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев айтты.

Қазір үкімет пен палата бақылаушы органдармен арадағы кедергілерді жояға бағытталған жұмыстарды бірлесе атқаруда. Жыл соңына дейін бұл мәселеге нүкте қою көзделген. Қазір мемлекеттік органдардың 28 мыңдай бақылау функциясы бар. Негізі міндет оның үштен екісін жою. Жиынға қатысқан кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Тимур Құлыбаев мемлекеттік сатып алуларда қазақстандық үлесті арттыру, салық кодексіне өзгертулер енгізу және өнеркәсіп кәсіпорындарының тапсырыспен қамтылуы жайына ерекше тоқталды.

Тимур Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы:

Негізгі функциялар мемлекет пен кәсіпкерлік саласы арасындағы әріптестік негізінде жұмыс істейді деп үміттенемін. Жазалауға емес, парақорлықтың алдын алуға бағытталған деуге болады. Егер кәсіпкер барлық міндетін дұрыс орындаса, еркін жұмыс істей алады.