Русский Сайттың толық нұсқасы

"3 миллион теңгеге жуық ақша төлеген": Алматыда Египетке бармақ болған бір топ қазақстандық алданып қалды

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2024
  • 313

Алматыда Египетке туристік жолдама сатып алған бір бойжеткен алданып қалды. Олар демалысты ұйымдастырамыз деген агенттікке 3 миллион теңгеге жуық ақша төлеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бірнеше қыз ЖШС-ға 2 миллион 975 мың теңге төлеп, Египетте демалуды жоспарлаған. Нәтижесінде туроператор байланысқа шығуды тоқтатып, қазақстандықтар курортқа ұшып кете алмаған.

Ұшу 15 тамызға жоспарланған болатын. Алайда жолдама сатқан адам қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбай жоғалып кеткен.

Алданған қазақстандықтар Алмалы ауданының полиция басқармасына көмек сұрап өтініш білдірді.

"Алаяқтық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Істің барлық мән-жайлары анықталуда", - деді Алматы қаласының полиция департаменті.