Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтті

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2024
  • 279

Елордада Көшпенділер ойындарының алғашқы жарысы өтті, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда спортшылар жамбы ату спорт түрінің мажар стилі бойынша алғашқы медальдарды сарапқа салады. Таңертеңнен бері әлемнің 30-ға жуық елінен келген шабандоздар іріктеуден өтіп жатыр, дейді ұйымдастырушылар.

Жамбы ату – ат үстіндегі дәстүрлі садақ ату спорты. Жарыстың бұл түріне 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысып отыр. Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетіп жатыр.