Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдос Сметовке Астанадан үш бөлмелі пәтер, Абибаға 5 млн теңге сыйға берілді

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2024
  • 90

Алматыда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен дзюдодан Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы ҚР дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Федерация өкілдері Франция астанасы Париж қаласында өткен жазғы Олимпиада ойындарын қорытындылады. Салтанатты шараға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенттері, бас хатшы, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы қатысты.

Сонымен дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер кілті, ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді.

Сондай-ақ әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарында 5-орынға тұрақтаған Абиба Абужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды. Спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың әрбір жаттықтырушысына, ғылыми-кешенді топ өкілдеріне тиісті дәрежеде құрмет көрсетілді.