Русский Сайттың толық нұсқасы

Храпунов АҚШ-тың Калифорния штатында сотқа тартылады

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2017
  • 2025

Виктор Храпунов АҚШ-тың Калифорния штатында сотқа тартылады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

Алматы әкімдігі атышулы қашқынға қатысты АҚШ сотына 2014 жылы арызданған. Алайда, бірінші инстанцияда іс Швейцарияда қаралауы тиіс деп, талап-арыз кері қайтарылған. Бірақ Қазақстан тарапы ол шешімге қарсы қайта шағымданды. Оған экс-әкімнің Калифорния штатында бірнеше вилласы мен қымбат көліктерінің әшкерленуі түрткі болған. Ақыры АҚШ талап-арызды қабыл алды. Олигархтың ісі енді АҚШ-та қаралады. Ол Алматы әкімдігіне 300 млрд доллар шығын келтірді деп айыпталған. Егер сотта кінәсі дәлелденсе, ұрланған ақшаның әр тиыны Қазақстан бюджетіне қайтарылуы тиіс.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Ол мүліктердің бағасын анықтау қазір оңай болмайды. Өйткені иесін дәлелдеу керек. Храпуновтың дайындығы мықты. Ол ең білікті заңгерлерді жалдаған. Мүліктер басқа заңды тұлғалармен оффшор арқылы рәсімделген. Ұзақ әрі тыңғылықты жұмыс жүргізу керек. Дегенмен, бұл шешімнің өзі Қазақстанның жемқорлықпен күрес жолында жүйелі жұмыс істеп жатқанын білдіреді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ