Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрама қоржынына жиырмаға жуық жүлде түсті

Жарыстың алғашқы күнінде ел намысын қорғап жатқан спортшыларымыз керемет нәтиже көрсетуде. Құрама қоржыны жиырмаға жуық жүлде түсті. Қазақ күресінен Айжан Жылқыбаева, Бақыт Құсақбаева, Бекжан Төлепов, Дидар Тұқышев, Назерке Азаматова және Рауза Нұрмахамметова жанкүйерлерді қуантса, аударыспақтан Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек пен Дарын Өтелбай артылған сенімді ақтай білді. Жамбы атудан Батыр Бексауыт топ жарса, Айтбек Сарыбай күміс, Ералхан Айкөз қолаға қол жеткізді. Ал дәстүрлі садақ атудан Жәнібек Құлмырзаев алтын еншіледі. Қанат Қасымхан мен Айкөркем Батихан қоланы қанағат тұтты. Мас - рестлингтен Бірімжан Асылмұрат пен Тахмина Қожамбердиева да үздік үштіктен көрінді.