Русский Сайттың толық нұсқасы

Аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықта 20-дан астам бүлдіршін оңалту бағдарламасымен ем алып жатыр

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2017
  • 4621

Павлодарда аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықта 20-дан астам балғын оңалту бағдарламасымен ем алып жатыр. Олардың жасы 3 пен 14 жас аралығында. Бүгін бір топ депутаттар орталыққа барып, ерекше балғындармен күні-түні жұмыс істейтін аналармен тілдестіп, жағдайларын сұрады. Осыдан тура бір жыл бұрын осы дертке шалдыққан балалардың ата-аналары саяси ұйымның қоғамдық қабылдауына келеді. Олар Керекуде аутизм диагнозы қойылған бүлдіршіндерге арналған орталық ашу мәселесін көтерген. Түйткілді облыстық филиал төрағасы Болат Бақауов бақылауына алады. Араға ай салмай қаланың қақ ортасынан ыңғайлы ғимарат таңдалып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазір орталықта балаларды емдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Элина Паули, Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Ерекше балаларды көріп, олардың аналармен жұмысын көріп, бұл, әрине, менің жүрегіме әсер етті. Осындай орталықтар керек. Мұндай отбасылар өз-өзімен қалып қоймас үшін. Осындай орталықтар көмектеседі. Біз, «Нұр Отан» партиясының депутаттары, көмектесуге дайынбыз.

Айта кетейік, мұндай орталық елде көп емес. Әзірге тек Алматы, Қарағанды мен Павлодарда ғана бар.