Русский Сайттың толық нұсқасы

Хоккейден Қазақстанның ұлттық құрамасы дайындық жұмыстарын бастады

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2017
  • 2799

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы «Барыс-Аренада» ашық жаттығу өткізді. Мұндағы мақсат - келе жатқан Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне дайындық. Өткен жылғы құрама соңғы орын алып, төменгі дивизионға түскен еді. Биыл енді осалдар арасында ойнап, жоғарғы топқа қайта ұмтылып көрмек. Хоккейшілеріміз алдымен Венгрия, Австрия, Украина секілді құрамалармен кездеседі. Ал келер аптада Словенияға, сосын Италияға жол тартады. Жолдастық кездесулер аяқталған соң, 22 сәуір күні Киевте әлем чемпионаты басталады. Алғашқы қарсыласымыз - Австрия ұжымы. 2018 жылы мықтылардың қатарына қайта қосылу үшін, Эдуард Занковец бастаған құрам биыл өз топтарында екінші орыннан төмен түсулеріне болмайды. Негізгі құрамға Мартин Сен-Пьер қосылуы мүмкін. Бас бапкердің айтуынша, Словенияға 23 ойыншы мен 3 қақпашы барады.

Эдуард Занковец, Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері:


Бұл апта бізді ауыр жұмыстар күтіп тұр. Хоккейшілердің барлығы жақсы жаттығулардан өтіп жатыр. 6 сәуір күні 18:30-да «Автомобилистке» қарсы жолдастық ойын. Келесі күні таңертең 10:30-да тағы бір мұз алаңға шығамыз. Сондықтан біздің құраманы қолдағысы келетіндердің барлығын шақырамыз. Бұл кездесулерден кейін Астанада дайындалып, 13 күні Словенияға ұшамыз.



6 жыл бетке ұстар құрамалардың қатарында болған Ресейдің теннисшілері жүріп өткен жолына қайта түсті. Оларға енді Азия/Океания аумағында өнер көрсетуге тура келеді. Алдағы демалыста олар қытайлық қарсыластырамен кортта кездеспек. Аспан асты елінің спортшылары біздің жанкүйерлерге Дэвис кубогі мен Азия чемпионаты арқылы таныс. Бірақ, әлем біріншілігінде тәжірибелері жоқ. Дегенмен, бұл мүмкіндікті қалт жібермесі анық.

Диас Досқараев, ҚР теннистен ұлттық құрамасының капитаны:

Олар бұл жарысты оңтайлы падалануға тырысады, әрине. Біз Өзбекстанмен өткізген кездесулерін тамашаладық. Әр жарыс әлемдік топқа шығу үшін берілетін мүмкіндік. Ал қытайлық теннисшілер бұл лигада өнер көрсетуді көптен армандап жүр.

Ал алматылық «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасының ең қымбат клубы атанды. Трансферлік маусым аяқталған соң, олардың құны 20 миллион еуродан асқан. Елордалық «Астана» болса, бұл тізімде екінші орынға тұрақтап, 18 миллион 900 мың еуроға бағаланған. Үздік үштікке «Ордабасы» клубы кірді. Шымкенттіктердің басты командасы 11 миллион 400 мың еуро тұрады. Трансфермаркет порталы жүргізген есепке сәйкес, премьер-лиганың ер «арзан» командасы "Ақжайық". Олардың құны 5 миллион еуроға жетер-жетпес.

Айбек ҚОСАН