Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС энергияға тәуелділіктен артылтады

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2024
  • 304

«Келісіп пішкен тон келте болмайды». Елдің ертеңі мен болашағына қатысты маңызды мәселер халықтың талқысына түсіп, қоғамның қазанында қайнауы тиіс. Содан кейін ғана маңызды шешім қабылданады. Атом электр станcасын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Түркістан облысының мәдениет саласы өкілдерімен кездесуінде осындай пікір білдірді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар бұл біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі екенін атап өтті. Штаб мүшелері электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін жеткізді. Мамандардың айтуынша, өткен жылдың қорытындысы бойынша мұндағы тапшылық сағатына 3,1 млрд кВт құрап отыр. Салыстырмалы түрде айтсақ, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала сағытана 700 млн кВт электр энергиясын тұтынады екен.

«Сондықтан көрші елдерге тәуелділіктен арылу үшін қажетті қуат көзін өзімізде өндіретін атом электр станциясын салуымыз қажет», – дейді мамандар.

Штаб мүшелерінің ұсынысын мәдениет майталмандары да қолдады,-деп жазады 24.kz. 

Халықтық штаб мүшесі Қайрат Балабиев "Күн мен жарық – ол бірінші халыққа керек нәрсе. Біз қазір электр қуатын Ресейден, шамалы Қырғызстаннан да алып отырмыз. Былай атқан кезде бүкіл Шымкент қаласының өнеркәсібі бар, халқы бар соның 1 жылда пайдаланатын электр энергиясы тапшы бізде. Сондықтан да біздің келешек қазағымыз мықты болуы үшін, бай мемлекет болуы үшін біз электр энергия жағынан тәуелсіз болуымыз керек"-дейді.