Шымкентте атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың кездесуі өтті. Жоғары оқу орнында ұйымдастырылған жиында Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жастар үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін атап өтті. Партия төрағасы болашақ инженерлер ел экономикасының дамуына үлес қосып, инновациялық технологияларды қолданысқа енгізетініне сенім білдірді. Мұнан соң штаб мүшелері зиялы қауым өкілдерімен жүздесіп, олардың бұл істегі рөлін талқылады. Одан әрі «Тассай» индустриялық аймағына барды. Онда кәсіпкерлер мен жұмысшылар атом энергетикасының мүмкіндігі, жаңа өндіріс орындарын дамыту перспективалары жөнінде әңгімелесті.