Русский Сайттың толық нұсқасы

"АЭС-ті осыдан он жыл бұрын салу керек еді", - сарапшы

Елімізде атом электр стансасын осыдан он жыл бұрын салу керек еді. Сонда қазіргідей энергия тапшылығы болмайтын. Қоғам белсенділері осылай дейді. Сондай-ақ, сарапшылар атом саласында отандық мамандарды көптеп дайындаған дұрыс деп отыр. Бұл алдағы уақытта өз жемісін береді дейді. Осы және өзге де ақпараттар "Референдум" топтамасында. 

Елімізде жыл санап электр қуатын тұтыну көрсеткіші артып келеді. Энергия тапшылығы да жылына 3 пайызға өсуде. Мәселенің шешімі - Атом электр станциясы салу дейді мамандар. Ғалымдар Рефрендум нәтижесінде АЭС салу құпталса, оның қоршаған ортаға әсері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заманауи технологиялар қолданылатын жеткізді. 

ҚУАНЫШБЕК ШУНКЕЕВ, «МАТЕРИАЛДАРДЫҢ РАДИАЦИЯЛЫҚ ФИЗИКАСЫ» ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Ал 15-20 жылдан кейін оның тапшылығы болатыны анық. Себебі экономикаға үлкен үлес қосатын барлық қондырғылар зауыт, фабрикалар оның барлығы үлкен тіпті халықтың өзі үлкен энергияны пайдаланушының бірі болып табылады. Сондықтан біз бүкіл техниканы меңгеретін ұлт болуымыз керек. Қай жерде маман жұмыс істеу керек. Ол құрылыс мәселесімен бірге маманды бірге дайындайтындай болуымыз керек.

Сарапшылардың айтуынша, бір стансаның өзі кемінде екі мыңға тарта адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. {ЗКТ} Демек, талантты жастарды осы салаға бағыттап, олардың мүмкіндігін кеңінен пайдаланған жөн. Бұл үшін шетелде білім алып жатқан болашақ мамандарды оқуын бітіргесін, елге қайтару керек. Сонда алып стансаның жұмысын жетік меңгерген отандық білікті мамандар буынын қалыптастырамыз.

АСЫЛАН ТАПИШЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Бізде салынатын АЭС-тің сапасы да, жалпы қажеттілігі де өте жоғары болады деп есептеймін. Егер де осы 10-15 жылдықта осы өсіп келе жатқан жастарымызды осы бағытта оқытып, 15 жылда біздер ғылым докторларына дейін оқытып шығуға дайынбыз. Қазақ жастарының ары қарай еңбек еткені дұрыс болады деп есептеймін.

Мамандар Атом электр станциясы көмір станцияларына қарағанда 2 есе ұзақ қызмет етеді дейді. Сондай-ақ, шығын аз болады. Мәселен, 1 келі ядролық отын 2 вагон көмір жаққанмен тең екен. Жалпы электр станциясында III-ші буын реакторлары жұмыс істейді. Қондырғылар 100 жылға дейін үзіліссіз энергия өндіреді.