Қарағандыда түнгі клубта есірткі сатқан күдікті ұсталды. 30 жастағы қызметкер клубта ұзақ уақыттан бері синтетикалық есірткі сатып келген. Оны арнайы операция барысында полицейлер анықтады. Күдіктіні ұстау кезінде одан "мефедрон" синтетикалық есірткі заты тәркіленді. Ал жалдап тұрған пәтерінен есірткі тұтынуға пайдаланатын әртүрлі заттар, зип-лок пакеттері, есірткі шегетін аппарат, электронды таразы және ұялы телефон табылды.Сонымен қатар, түнгі клубқа санкцияланған тексеріс барысында 40 дана травматикалық оқ-дәрі тәркіленді.
Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”.