Русский Сайттың толық нұсқасы

Жетісу облысында 3 жасар бала үш күннен бері табылмай жатыр

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2024
  • 241

Қаршадай бала 7 қыркүйек күні күндізгі 10:00 шамасында үйден шығып кеткен. Соңғы рет өзен бойындағы көпірден өтіп бара жатқанын көргендер бар екен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Көксу бекетінің тұрғындары мен барлық құрылым өкілдері, еріктілер жабылып іздестіруде.

"Балаларды далаға шығарып өзім ас үйде тамақ жасап жүргенмін. Балам аулада ойнап отырған. Арада 15 минуттай ғана уақыт өткен шығар, сыртқа шықсам Алдияр жоқ. Сол күннен бастап, міне, қазірге дейін іздестіріп жатырмыз", – дейді баланың анасы Айнұр Бекжанова.

Алдияр – тоғыз баланың жетіншісі. Томаға-тұйық. Бойы 60-65 см. Шашы ашық қоңыр. Дене бітімі орташа. Үйден шығып кеткенде үстіне сұр жемпір, қара шалбар киген. Аяқ киімі ақ түсті.

 Көрген-білгендер болса 102 немесе 87472712124 нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.