Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандықтар олигархтардан тәркіленген бағалы әшекей бұйымдарды сатып ала алады

  • AstanaTV
  • 10 қыркүйек 2024
  • 358

Қазақстандықтар олигархтардан тәркіленген бағалы әшекей бұйымдарды сатып ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару аясында тәркіленген қымбат сақиналар, алқалар мен сағаттарды сату алу үшін аукционға қатысу қажет. 

Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компанияның бас директоры Қуанышбек Мұқаш компанияда тәркіленген жүзік, алқа, сағат және басқа да зергерлік бұйымдарды қоса алғанда, жалпы саны 196 зергерлік бұйым бар екенін айтты.

"Ең қымбат бұйымның қандай екенін нақты айта алмаймын. Тізім керек болса, ішіндегі ең қымбат бұйымдар туралы жазбаша жауап бере аламын. Бірақ жақын арада біз мұның барлығын e-kazyna порталында аукцион арқылы сатуды жоспарлап отырмыз, сондықтан бұл ақпарат жақын арада қолжетімді болады", – деді Қуанышбек Мұқаш. 

Аукционға e-qazyna.kz сайтына тіркелген кез келген жеке немесе заңды тұлға қатыса алады.