Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс бірқатар заң жобасын жұмысқа алды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 347

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын қорытынды әзірлеу үшін жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олар мынадай заң жобалары:

- Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы;

- Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Француз даму агенттігі тобының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы;

- 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын аударуға қатысты бөлікте өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы.