Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда монополистердің тарифті өсіру туралы өтініші қанағаттандырылмады

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2017
  • 2746

Петропавлда газ бен жарық бағасын қымбаттатуға қатысты мәселе әлі шешілмеді. Табиғи монополияларды реттеу департаменті кәсіпкерлердің сәуір айында бағаны өсіру туралы өтінішін кері қайтарды. Алайда, компаниялар алған бетінен қайтар емес. Өйткені заң бойынша олар өз өтінішінің кем-кетігін түзеп, қайта тапсыра алады.

Арман Өтегенов, СҚО табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің басшысы:

Әзірге белгілісі, сәуірде жарық пен газ бағасы өспейді. Ал компаниялар заң бойынша бір емес, бірнеше рет өтініш түсіре алады. Егер біз осы жолы бас тартсақ, келер жолы олар өз өтініштерін өңдеп, толықтырып, тағы тапсыруға құқығы бар.

Айта кетейік, өңірде үш бірдей компания қуат бағасын өсіру туралы өтініш түсірген. «Горгаз-сервис» серіктестігі тарифті бірден 30 пайызға көтермек болған. Көгілдір отынның әр текше метрі 429 теңге. Енді олар бұл сома 524 теңге болып бекітілгенін қалайды. Ал энергетиктердің аз да болса қанағаты бар секілді. «Солтүстік Энерго Орталық» пен «Севказэнергосбыт» компаниялары қызметін 4-5 пайызға көтермекші. Бұл үстемақы шамамен 1 киловатт электр қуаты үшін 1 теңгені құрайды.