Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде қайтадан күн суытады

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 242

"Қазгидромет" РМК синоптиктері елімізде 2024 жылдың 12, 13 және 14 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар Қазақстанда ауа температурасы төмендейді деп күтілетінін мәлімдеді.

Метеорологтардың атап өтуінше, кең ауқымды антициклон республиканың басым бөлігінде өз әсерін сақтай отырып, ауа райының жауын-шашынсыз болуына әкеліп соғатынына қарамастан, солтүстіктің салқын ағындары оны қоректендіре бастайды. Нәтижесінде ауа температурасының төмендеуі күтілуде.