Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде жөндеуді талап етпейтін жол салынбақ

Жол енді жөнделмейді. Отандық ғалымдар ерекше жоба әзірлеп жатыр. Асфальтқа арнайы қоспа қосылады. Сапасы сыр бермейтін болады. «ENU-Lab» ғылыми-өндірістік орталығы грант ұтып алған. Оған 50-ден астам ғалым, химик пен құрылысшы жұмылдырылыпты. Алдағы бес жылдықта жоба өндіріске енгізіледі.

МАРАТ ҚОНҚАНОВ, «ЕҰУ LAB» ҒЫЛЫМИ-ӨНДІРІСТІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің зерханамыз Президент жолдауы аясында көптеген өндірістік компаниялармен жұмыс жасап жатыр. Қазір отандық өнімдерден асфальт кез-келген түріне арнайы қоспалар әзірлеудеміз. Сондай-ақ бізге басқа да шет мемлекеттерден көп ұсыныс түседі. Жақында италияндық компаниямен серіктес атандық.