Билет бағасын ретсіз көтеретін және сапасыз ұшақтармен қызмет көрсететін әуе компанияларын жазалау қажет. Бұл туралы мәжлісмен Ерболат Сатыбалдин өзінің депутаттық сауалында айтты. Ол қысыл-таяңда билет бағаларын үш есе қымбаттату әуе компанияларының ашкөздігі деді.
Ерболат САТЫБАЛДИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бағаның бұлай динамикалық өсуі нарықтың сұранысымен түсіндірері хақ, алайда халықты кім ойлайды? Оқыстан өлім-жітімге, шұғыл шаруасы шыққан жандардың үстінен пұл айырып, қалтасын қағу, адамгершілікке сай ма?! Бұл баға жүйесі халықты қанауға ғана бағытталған.