Русский Сайттың толық нұсқасы

Балабақшаларға лицензиясыз жұмыс істеуге тиым салу керек - Э.Субханбердиева

  • AstanaTV
  • 06 сәуір 2017
  • 4188

Балабақшалардың лицензиясыз жұмыс істеуіне тиым салу керек. Мектепке дейінгі оқыту қызметі туралы мәжілісте есеп берген Білім және Ғылым вице-министрі Эльмира Субханбердиева осылай деді. Балабақшамен қамту көрсеткіші төмен болған соң, екі жыл бұрын мектепке дейінгі білім беру мекемелерін лицензиясыз ашуға рұқсат берілген еді. Шенеуніктер, қазір жағдай көш ілгері, енді саннан сапаға көшу керек, деп отыр.

Балабақша кезегінде тұрғандар саны тым көбейіп, халық тарапынан толассыз шағым  түскен соң, мәселені шұғыл шешу керек болған. Сөйтіп, жекеменшік балабақшаларды ашу жолдарын барынша жеңілдету қарастырылды. Лицензиясыз. Ондай бала-бақшалар тек шағым түскенде ғана тексеріледі. Соңғы екі жылда ашылған жекеменшік балабақшалар осыған жатады.

Эльмира Субханбердиева, ҚР білім және ғылым министрінің орынбасары:


Хочется попросить депутатов помочь. Мы считаем, что должна быть принята мера - это возврат лицензирования.  Мы вас просим поддержать.

Бұл ұсынысты СЭС мамандары бірден қолдай кетті. Мектепке дейінгі білім беру мекемесі деген аты ғана, оқыту мен тәрбие жұмыстарына онда ешкім мән беріп жатқан жоқ дейді. Тазалық сақтау талаптарына да көңілі толмаса керек.

Жандарбек Бекшин, тұтынушылар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

Мы лукавствуем, приравнивая их к дошкольным организациям. Какие это дошкольные организации? Бабушка взяла 5 детей и смотрит за ними, и все.

Лицензияны қайтаруға қатысты депутаттардың ойы екіұшты. Онда балабақшамен қамту көрсеткіші күрт төмендейді. Яғни 2020 жылға дейін мектепке дейінгі білім беруді 100 пайыз қамту деген тапсыма орындалмай қалуы ғажап  емес дейді. Қазір ол 80 пайызды құрайды.

Гүлнар Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Тогда 40% показателей сразу потеряет. Тогда будет не достижение, если не больше.

Бүгінгі күні республикада 807 мың 200  баламен 9410 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның  2336 - жекеменшік. Үш облыста балабақша проблемасы мүлдем жоқ. Жүз пайыз қамтылған көрінеді. Ол Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары. Вице-министр балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысына да  тоқталды.

Эльмира Субханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:

Мектепке дейінгі ұйымдарда кадр тапшылығы педагог мамандығының тартымсыз болуымен емес, баланың өмірі мен денсаулығын сақтау жауапкершілігіне сәйкес келмейтін төмен жалақыға байланысты. Тәрбиеші - 35,7-55,6 мың теңге, тәрбиешінің көмекшісі - 25-30 мың теңге алады. 

Павлодарлық балабақша тәрбиешісі Жанаргүл де еңбегінің тиісті деңгейде бағаланбайтынына қынжылады. Жоғары білімі мен 10 жылдық еңбек өтіліне қарамастан, қолына тиетіні 50 мың теңгенің ар жақ-бер жағы. Ал, жас кадрлардың жалақысы тіпті аз. Білікті мамандардың тұрақтамайтыны осыдан болса керек деген ойын жасырмады.

Жанаргүл, тәрбиеші:

Төрт балам бар. Өз үйім жоқ. Пәтер жалдап тұрамын. Сондықтан жолдасым екеуміз жұмыс істеп, 4 баланы жеткізуге бұл еңбекақы өте аз. 

Ал ата-аналардың ақшасы емес, білімі жеткіліксіз. Былтырғы есеп бойынша жартысына жуығы, яғни 48,7%-ы баланың физиологиялық дамуы туралы дұрыс білмейді. Сондықтан минстрлік бала тәрбиесі мен жетілуіне қатысты кеңес беретін Отбасы.kz сайтын әзірлеген.