Русский Сайттың толық нұсқасы

Әділет вице-министрі ауысты

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 228

Лаура Мерсалимова ҚР әділет вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Лаура Қанатқызы Мерсалимова әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.

1981 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР Әділет министрлігі АХАЖ бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

2003-2010 жылдары — ҚР ӘМ жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2010-2014 жылдары — ҚР ӘМ департаменті директорының орынбасары.

2014 жылы ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі Заң қызметі департаментінің директоры болды.

2014-2023 жылдары — «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында департамент директорының орынбасары, басқарушы директор – департамент директоры.

2024 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР әділет вице-министрі (А. Қ. Мұқанова әлеуметтік демалыста болған кезде).

2024 жылдың қыркүйегінен бастап бұрын осы қызметті атқарған Мұқанова Алма Қайратқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды.