Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен әйел табылды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2024
  • 219

11 қыркүйекте Шахтинск қаласында Новодолинский кентінің маңында жоғалып кеткен 1941 жылы туған азаматшаны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

9 қыркүйекте құрбысының үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған әйелді құтқару жасағының құтқарушылары квадроцикл көлігімен жоғалған жерден небәрі 4 шақырым жерден тапты.

«Құтқарушылардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында 5 құтқарушы, кинологиялық есеп, ұшқышсыз ұшу аппараты, ТЖД техникасының 4 бірлігі және ПД бір бірлік техникасымен, жеке құрамның 3 адамы қатысқан іздеу операциясы сәтті аяқталды. Әйелдің жағдайы жақсы, жарақат алмаған», - делінген хабарламада.