Русский Сайттың толық нұсқасы

Жақында тұңғышын өмірге әкелген блогер Мерей Әбілова перзентханадан шықты

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2024
  • 101

Жақында қызы дүниеге келген блогер Мерей Әбілова перзентханадан шыққан сәтін көрсетті. Футболшы Дінмұхаммед Кәшкен жаңа туған қызы мен әйелін үйіне алып келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жақында блогер Мерей Әбілова мен футболшы Димаш Кәшкен ата-ана атанды. Желі жұлдызы қызына Мәриям есімін берген. Блогер қызымен перзентханадан шыққан сәтін көрсетті. Кадрлардан Димаш Кәшкеннің жаңа туған қызын қолына алып тұрғанын байқауға болады. Ол әйелі мен Мәриямді үйіне алып келген. Ал палата түрлі шарлар мен гүлдермен көмкерілген.

"Бақытты болыңыздар", "Бауы берік болсын", "Бізге де бұйырсын", "Күйеуіңіз сондай қамқор", "Қарасаң, көзің тоймайды", "Керемет көрініс", - деп жазды жұрт.