Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО-да полицейлер 550-ден астам электронды темекі тәркіледі

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2024
  • 235

Полиция қызметкерлері заңсыз сатылымды “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады. Тыйым салынған тауарлар Өскемендегі екі сауда үйінде кальян дүкендерінен жасырын сатылғаны анықталды.

Бірінші дүкенді тінту кезінде жедел уәкілдер 450-ден астам электронды темекі, сондай-ақ вейптер мен Pod жүйелеріне арналған 10-нан астам сұйықтық тапқан. Екінші дүкеннен тәртіп сақшылары 115 электронды темекі тәркілеген.​Шегілмейтін темекі өнімдерінің айналымы фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Заңға сәйкес, күдіктілерге 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзету жұмыстары жүргізіледі, не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады, не 50 тәулікке дейін қамауға алынады.​

Полиция департаменті биыл 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.