Русский Сайттың толық нұсқасы

"Азаматтардың мүгедектігін ұзартқан": Талдықорғанда шенеунік параны дәрігерлер арқылы алып отырған

  • AstanaTV
  • 12 қыркүйек 2024
  • 212

Жоғарсы сот Талдықорғанда сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылған 9 адамға қатысты қылмыстық іс қаралғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Талдықорған қалалық соты айыпталушыға қатысты қылмыстық істі қарады. Бірінші күдікті ҚК-нің 366-бабы "Пара алу" 3-бөлігінің 4-тармағынан сәйкес сотталушы төрағалық етушiнiң рұқсатымен сот тергеуi кезiнде кез келген уақытта айғақ беруге құқылы. Куәлар мен жәбiрленушiлердi сотқа шақыру және олардан жауап алу олардың айғақтарын тергеу судьясы осы Кодекстiң 217-бабында белгiленген тәртiппен сақтауға тапсырған жағдайларда жүргiзiлмейдi. Тағы үш адам ҚК-нің 368-бабы "Парақорлыққа делдал болу" 2-бөлігі, 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Ал бесеуі ҚК-нің 367-бабы "Пара беру" 1-бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды", – делінген хабарламада.

Мәліметтерге сенсек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы делдалдар – Панфилов аудандық ауруханасының травматологы, Сарқан аудандық ауруханасының психиатры және Ақсу аудандық ауруханасының УЗИ дәрігері арқылы бес пара берушінің мүгедектігін ұзартқаны және белгілегені үшін бірнеше рет 450 мың теңге пара алған.

Сотталушылардың іс-әрекет жасағаны үшін заңда жазаның баламалы түрлері қарастырылған.

"Жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайларға сотталушылардың шын жүректен өкінуі, жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайы туралы сотқа шынайы хабарлауы, оны ашуға белсенді түрде жәрдемдесу (бір сотталушыны қоспағанда), кейбір сотталушылардың жас балаларының болуы және мүгедектігі жатады. Ауырлататын мән-жайлар – пара алушының құқық бұзушылық жасауы, сол арқылы өзі қабылдаған антын бұзуы", делінген сот мәліметінде.

Осылайша бөлімнің бұрынғы басшысы ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша 8,7 млн теңге (параның 60 еселенген мөлшері) айыппұл төлеуге міндеттелді. Травматологқа ҚК-нің 368-бабының 2-бөлігі бойынша 9 миллион теңге айыппұл салынды (параның 20 еселенген мөлшері).

Дубайдағы ұрлық: Жасыл технологиялар орталығының басшысы тоғыз жылға сотталды

Антикор Батыс Қазақстан медицина университетінің ректорын ұстады

"Психиатр мен УЗИ дәрігеріне ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігі бойынша сәйкесінше 300 мың теңге және 700 мың теңге (параның 10 еселенген сомасы) айыппұл салынды. Бес пара берушіге Қылмыстық кодекстің 367-бабының 1-бөлігі бойынша 450 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынды. Айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда төленбеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылады. Кінәлі деп танылып, үкім шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деді Жоғарғы сот.