Солтүстік Қазақстанда бір отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті. Арасында екі бала бар. Оқыс оқиға Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінде пеш мұржасының бітелуінен болған. Дәрігерлер ересектерді тексеріп, ем тағайындады. Ал 8 және 12 жастағы балалар стационарға жатқызылды. Қазір олардың жағдайы тұрақты. Айта кетейік, өңірде биыл көмірқышқыл газынан улану салдарынан 20 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапқан.