Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан мен Түркияның Қорғаныс министрлері кездесті

Қазақстан мен Түркияның Қорғаныс министрлері кездесті. Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселелерін талқылады. Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамуын атап өтіп, жылышырайлы қабылдау үшін ризашылығын білдірді. Айта кетейік, жоғары мәртебелі қонақ Яшар Гюлер сапар барысында "Отан қорғаушылар" монументіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы «Достық аллеясына» ағаш екті.