Елімізде АЭС салу электр энергиясының тапшылығын жойып қана қоймай, атом энергетикасын дамытады. Оның мүмкіндіктерін онкологиялық дерттерді емдеу және анықтауға да көмектеседі. Алматыдағы ядролық физика институтының ғалымдары осындай пікір білдірді. Олар АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері ретінде бүгін Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесті.
Атом энергетикасын дамыту, АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб ең алдымен аймақтағы зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Олар елімізде электр энергиясының тапшылығын жақсы біледі.Ғалымдардың болжамынша, бұл көрсеткіш бүгінде 2 ГегаВатт. 10 жыл бұрын болжанған тапшылық жаңа технология, өндіріс, медицина, әлеуметтік сала секілді маңызды тетіктердің дамуына кедергі келтіруде. Бұл бизнеске инвесторлар тартуға да жол бермейді.
ЕВГЕНИЙ ЕРМАКОВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Энергетика бұл- әр елді дамытушы қозғалтқыш. Атом станциясы үздіксіз электр қуатын шығарып қана қоймай, қауіпсіз әрі экологиялық таза болып есептеледі. Біз бүгінде елімізге жетпеген электр қуатын Қырғызстан мен Ресейден алып отырмыз. Мысалы бүгін ашылған кей зауыттар тұрақты қуат көзі болмағандықтан ары қарай дами алмай отыр.
Сарапшы Евгений Ермаковтың айтуынша,атом энергетикасы Қазақстанға таңсық емес. Алматыдағы ядролық физика институтында атомдық зерттеу реакторы өткен ғасырдың 60 жылдарынан бері медицинаға қажетті радиоизотоптар шығарып келеді. Ол обырға шалдыққан мыңдаған адамды емдеп, тексеруге қолданылады.
ЕВГЕНИЙ ЕРМАКОВ, ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Атом энергетикасын дамыту осы салада дамуға жол ашады. Біз жаңада басқа да дәрі- дәрмектер шығаруға мүмкіндік береді. Жылына 3 мың адамға диагностика жасап, емдеуге күшіміз жетіп отыр. Бұл үлкен жетістік, арықарай дамыса азаматтарымызға үлкен көмек болады.
Қарағанды экологиясы нашар өңірлердің бірі болғандықтан жергілікті ғалымдар мен зиялы қауым атом энергетикасын дамытуды құптап отыр. Оның үстіне жоспарлы станция ең жаңа үлгіде салынады, - дейді.
БЕКБОЛАТ НҮСІПБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ, ҒАЛЫМ:
«Дүниежүзіндегі атом станциялары көп ол Франция, Америка, Жапония. Олардың бәрінде станциялар сонау 54 жылдан бастап істеп келе жатса, енді ол 1- інші поколение. Ал бізде ұсыныс жасап отырған 3- інші поколение плюс дейді, ол дегеніңіз таза ешқандай адамның әсерінсіз автономды түрде жұмыс істей беретін станция».
НҰРЛАН ДУЛАТБЕКОВ, ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ:
«Атом энергиясының қандай пайдасы болады? Біздің келешек ұрпаққа оның қандай жақсы жақтары болады деген мәселелереді талқыладық. Барлық диалогымыз конструктивтік бағыта жүзеге асып жатқан сияқты».
АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрамына Мәжіліс депутаттары да енген. Олар бірнеше топқа бөлініп өңірдегі бірнеше қаланы аралап, ірі кәсіпорын ұжымдарымен кездесті.
АСХАТ АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
«Тиісті бір үрей де бар, қорқыныш та бар. Әлеуметтік желілердің негізіне қалыптасқан пікір де бар, оны да көріп жатырмыз. Сондықтан біздің алдымызда тұрған басты мақсат нақты, объективті ақпаратты беру. Бірінші кезекте ғалымдарымыз, эксперттер сөйлеп олар сол объективті ақпаратты беріп жатыр».
АЭС – ке қатысты жалпы халықтық референдум 6 қазанда өтеді. Арнайы Штаб мүшелерінің мақсаты қазақстандықтарға маңызды шешім қабылдау үшін нақты, ашық ақпарат тарату.