Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС туралы деректер мен сандар: халықтық штаб ресми сайтты іске қосты

  • AstanaTV
  • 13 қыркүйек 2024
  • 334

«AMANAT» партиясының TALQYLAU диалог алаңының отырысы аясында Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың ресми сайтының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа ресурс алдағы референдум мен Қазақстандағы атом энергетикасының даму перспективалары туралы жан-жақты ақпарат ұсынады.

Штаб баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған платформада әлемдегі атом энергетикасының даму тарихымен танысуға болады. Онда АЭС саны, халықаралық тәжірибеден бастап, қауіпсіздік стандарттары, жаңа буын реакторларының ерекшеліктеріне дейінгі деректер қамтылған.