Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда «Таза бейсенбі» акциясы аясында жағажай аумағы тазартылды

Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы әр апта сайын тазалық шарасын өткізеді. Бұл жолғы «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына 100ден аса адам атсалысты. Олар жағажай аумағын күл-қоқыстан тазартты. Еліміздің өзге өңірлерінде де партиялықтар саябақтарды, скверлерді, аулаларды тазартып, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштердің айналасын абаттандырып жатыр. Сондай-ақ ағаш егу жұмыстары жүруде.

АЛМАТ ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:

Біз жағажайдың ауқымды аумағын тазарттық. Енді ол жер қала тұрғындарымен қатар қонақтардың серуендейтін орнына айналды. Бұл игі іске жергілікті атқарушы билік те белсене атсалысты. Президенттің бастамасы құр сөз емес, нақты жүзеге асырылып жатыр.