Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қостанай облысында 6 мыңнан астам адам курсқа қатысқан

Ел тұрғындарының қаржылық сауатын арттыруға бағытталған "Қарызсыз қоғам" жобасына былтыр 65 мың адам қатысты. Биыл одан да көп. «Amanat» партиясы ұсынған жобаны Президент Жолдауда айрықша атап өтті. Ендігі кезекте мектептер мен жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажет. Бұл жұмысты Үкімет қаржы саласын реттеу органдарымен бірге атқарады. Мұның бәрі азаматтарымыздың әртүрлі алаяқтардың құрығына түсіп қалмауына мүмкіндік береді, деді Мемлекет басшысы. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қостанай облысында 6 мыңнан астам адам курсқа қатысқан. Ал колледж шәкірттері мен студенттерді, мектеп оқушыларын қаржылық сауаттылыққа үйрететін тәлімгерлер де арнайы курс тәмамдады.38 колледж ұстазы, 13 жоғары оқу орынының оқытушысы біліктілігін арттырды. Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысының төрт жүзден астам мектеп мұғалімі сертификат алды.

ГҮЛНӘР ЖАЗЫҚБАЕВА, А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ:

Бұл курс өте маңызды деп есептеймін.{Кешегі президенттің жолдауында да осы қарызсыз қоғам туралы айтылып кетті. Азаматтардың шектен тыс несие алып, алаяқтарға жүгініп жатқандары белгілі.Студенттерге өзіміздің алған білімімізді дәріптеуді жөн көріп отырмыз. Қаржылық сауаттылық пәнін жоғары оқу орындарында міндетті пән болып енгізіледі деген ойдамыз.