Русский Сайттың толық нұсқасы

"АЭС - ел экономикасының дамуы шеңберінде жасалып жатқан мегажоба", - А. Таинов

Әлемде 30-дан астам мемлекетте атом электр станциясы бар. Тағы 30 ел оны салуға ниет білдіріп отыр. Жалпы атом электр станциясы ел экономикасының дамуы шеңберінде жасалып жатқан мегажоба, дейді халықаралық сарапшы Айдар Таинов. Оның айтуынша, еліміз көмірден басқа қуат көздеріне ауыспаса, 2050 жылдары энергия саласында шектеулер болады. Яғни, энергобалансты сақтау үшін атом электр станциясы өте қажет.

АЙДАР ТАИНОВ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗ САРАПШЫ:

Күннен шығарылып жатқан, желден шығарылып жатқан бұл энергетикалардың барлығын 10-15-тен дамытуға тырысуымыз керек. Оның жанында атом энергетикасында ұмытпай сол 15 пайызға жеткізсек егерде шынында энергетикалық тәуелсіздік деп айтуға болады.