Русский Сайттың толық нұсқасы

"2050 жылға қарай атом энергиясы 2 есе көп пайдаланылады", - А. Күрішбаев

2050 жылға қарай атом энергиясы 2 есе көп пайдаланылады. Жамбыл облысындағы педагогтар қауымымен кездесуде Ақылбек Күрішбаев осылай деді.  Шараға 350-ден астам адам қатысты. Штаб мүшелері жиналған көпшілікті атом энергетикасын дамыту бағытындағы әлемдік трендтер, АЭС-тың қауіпсіздігі мен сенімділігін арттыру бойынша қолда бар құралдар туралы жан-жақты хабардар етті. Сондай-ақ, Халықтық штаб мүшелері жергілікті теміржол қызметкерлерімен кездесті. Бүгінде 110 мыңнан астам отандасымыз «Қазақстан темір жолында» қызмет етеді.

АҚЫЛБЕК КҮРІШБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Егер де референдумда халық қолдаса, онда Қазақстанда салатын АЭС ең заманауи 3+ буынды технология арқылы салынатын болады. Мына әлемде 31 дамыған елде 415 атом реакторы бар. Егерде қауіпті болатын болса, неге дамыған, дамушы мемлекеттер салайын деп жатыр, салайын деп жатыр.