Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда американдықтар салып берген бактериологиялық зертхана әлі іске қосылмаған

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2017
  • 2954

Алматыдағы қауіпті химиялық заттар сақталатын орталық референттік зертхана әлі күнге дейін іске қосылмады. АҚШ Қорғаныс министрлігі 100 миллион доллар бөлген нысан құрылысы өткен жылы қыркүйекте аяқталған. Мамандар қызметкерлерінің жабдықта жұмыс істеу мен қауіпсіздік техникасын меңгеру үшін оқудан өтіп жатқандарын айтты. Онда Денсаулық сақтау, Білім және ғылым және Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейтін болады.

Рафик Сәрсенғалиев, Орталық референттік зертхананың биоқауіпсіздік мәселелері бойынша жетекші ғылыми қызметкері: 

Олар немен айналысатын болады? Олар елімізді қорғаумен айналысады. Оның ішінде барлық қауіпті инфекциялардан, ондай көп біздің елде. Сәуір айында америкалықтар ғимаратты тестілеуден өткізеді. Сол уақытта биоқауіпсіздікке жауапты қызметкерлерді де қоса сынақтан өткізеді. Осыдан соң бірден мемлекеттік қабылдаудан өтуі мүмкін. 

АҚШ-тың бұған қаражат құюы - алаңдататын жағдай емес. Осылай деген мамандар "дүние жүзіндегі мәселе Американы да айналып өтпейді, сондықтан олар қауіптің алдын алуға көмектеспек" деп отыр.