Жетім көрсең, жебей жүр. Осы аталы сөзді ұстанған нұротандықтар Орал қаласындағы көпбалалы отбасыларға қол ұшын созды. Жыл басында партияның «Бақытты отбасы - Бақытты балалық шақ» жобасы аясында қаладағы аз қамтылған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың жағдайын білу үшін мониторинг жүргізіпті. Сол кезде төрт баласы бар Кожевниковтер отбасына назар аударған. Жалғызбасты ана Наталья қазір жұмыссыз, пәтер жалдап тұрады. Мемлекет төлейтін жәрдемақымен ғана жан бағып отыр. Қамкөңіл жандарға партия өкілдері киім-кешек таратты. Ал жұмыссыз жүрген Наталья партияның араласуымен жұмысқа орналасыпты.
Ляна Тұрсынова, БҚО мәслихат депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:
Бұл отбасыларға көмек көрсету - біздің азаматтық парызымыз. Бұл тек нұротандықтардың ғана міндеті емес. Әрбір адам жағдайы төмен отбасыларға жанашырлық танытып, шама-шарқы жеткенше, көмектесіп тұрғаны жөн. Сонда ғана бірлігі бекем, мықты ел боламыз.
Ал Ақылбаевтар отбасы жеті бала өсіріп отыр. Үлкені 14-те, ал кішісі екіден енді асқан. Кеңпейіл отағасы азаматтық танытып, інісінің баласын сегізінші ұлы ретінде бауырына басқан. Пәтер жалдап бейнет кешсе де, үлкен отбасы шүкірлігінен жаңылмаған. Жұманың жайдары күнінде шаңыраққа шаттық сыйлаған нұротандықтарға алғысын жаудырған ана мерейі бір өсіп қалғанын айтады.
Мәдина Ақылбаева:
Атамыз
қазақ айтады ғой, бай болып көрген жоқпын, кедей болып өлген жоқпын деп. Сөйте
тұрса да, өстіп келіп, елеп, көмектесіп жатқандарыңызға рахмет! "Нұр
Отан" партиясына көп алғысымызды айтамыз. Біздерді елеп, көңіл бөліп, жағдайымызды сұрап жатқандарына. Адамға көмек артық етпейді, қандай болса
да.